ӨзА Қазақ

06.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Түрік инвесторлары Өзбекстанға инвестиция салуға қорқама?

Түрік инвесторлары Өзбекстанға инвестиция салуға қорқама?

Жақында Өзбекстан Президентінің бастамасымен шетелдік кез-келген инвестор Өзбекстанға 3 миллион доллар көлемінде инвестиция құйса оған елде тұруға 10 жылдық мерзімде ықтиярхат берілетіні жайлы заң өз күшіне енген еді.

Осыған қарамай шетелдік инвесторлардың қатары елдегі жағдайға әліде алаңдаушылық білдіретін секілді. Өйткені заң жүзінде бұл мәселе толыққанды шешілмеген көрінеді. Енді осы жағдайға байланысты депутат Расул Кушербаевтың көз-қарасына назар аударсақ:

-Ең алдымен, кәсіпкерлерді алаңдататын немесе инвестициялық тартымдылықтың өсуіне кедергі болатын бірқатар мәселелерді шешу қажет. Осылар қатарында негізгі тағыда назар аударатын мәселенің бірі жеке мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өйткені шеттен келетін инвестор алдымен осы жағдайға жете назар аударатыны сөзсіз. Ал бізде бұл жағдай заң жүзінде толыққанды өз шешімін таппай тұр. Жақында интернет сайттарымыздың бірінде Түркиядағы елшіміздің сұхбатын көріп қалдым. Онда түрік кәсіпкерлері Өзбекстанға инвестиция салуға сәл сенімсіздік танытуда деген сауал қойылды. Не үшін? Себебі әкімдер мен олардың өкілдері осынау инвесторлар мен сөйлескен шақта оларға «өздерің қалағандай нысанды қолайлы ортадан тарту етеміз» деп уәде беріп жатады. Осы сөздер мен уәделер инвесторлардың көңілінде күдік оятып, заң үстемдігіне сенім білдірмей отыр. Сол себептіде инвестиция тартуды оңтайландырмақ болсақ, ең бірінші заң үстемдігін орнатуымыз керек, -дейді Заң палатасының депутаты Расул Кушербаев.

Расул Кушербаев қазірде елдегі орыналып жатқан өзекті проблемалар мен халықтың көкейіндегі мәселелер жөнінде өз принцптерін анық жеткізіп, амалда орындалуында жете қадағалап жүрген белсенді депутатың бірі болып, оның кандидатурасы алдағы өтетін желтоқсан айындағы парламенттік сайлауға қайта ұсынылды. 


3 060
ӨзА