ӨзА Қазақ

14.05.2020 Басып шығару нұсқасы

СІМ: Ресейдегі 65 мың өзбекстандық азамат елге қайтуға ниет білдірген

СІМ: Ресейдегі 65 мың өзбекстандық азамат елге қайтуға ниет білдірген

Коронавирустық пандемияның Ресей жерінде кеңінен тарауына байланысты ондағы өзбекстандық азаматтар елге тезірек оралуды қалайды. Соңғы бірнеше күнде интернет беттерінде қаптаған түрлі бейнетаспаларда арнайы чартерлік рейстер жайлы қатнаулар қатты талқыға түскені мәлім.

Осы жағдайға байланысы Өзбекстан СІМ Ресейдегі Бас консулдығының берген мәліметіне орай онда 65 мыңнан астам Өзбекстан азаматтары елге қайту ниетте екендігін хабарлайды. Қазіргі уақытта елшілік Өзбекстан Республикасының азаматтарын Ресейден тезірек эвакуациялау үшін барлық жағдайды қарастыруда. Азаматтармен үнемі жұмыс жасайтын 9 қызметкерден тұратын арнайы топ құрылып олар елге қайтуға ниетті азаматтармен мүмкіндік барынша тығыз жұмыс жасап келуде.

Алдағы чартерлік арнайы рейстерарқылы ең алдымен, қарт адамдарға, науқас азаматтарға, жүкті және балалары бар әйелдерге, сондай-ақ бұрын тұрақты рейстерге билет алған азаматтарға жасалатыны айтылып, елшілік дипломаттары осы сынды құжаттарды сұраған кезде өзбекстандықтардан жағдайды түсініп, тиісті құжаттарды берулерін сұраймыз », - делінген СІМ хабарында.

Бұған дейін шетелден Өзбекстанға 13 -24 мамыр аралығында арнайы 12 чартерлік рейстер жасалатыны хабарланған. Ал бүгінге дейін коронавирустық пандемияның жариялануына орай 11 мыңнан астам өзбекстандықтар арнайы чартерлік рейстермен елге келінген.

2 178
ӨзА