ӨзА Қазақ

23.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Сардоба су қоймасының апатына байланысты екі кісі қамауға алынды

Сардоба су қоймасының апатына байланысты екі кісі қамауға алынды

1 мамырда Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасында болған техногендік апатқа байланысты екі күдіктіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.

Өзбекстан Бас прокуратурасының хабарламасында, атаулы қылмыстық іс бойынша мән-жайды анықтауда кедергілер туындауына орай алдын-ала басқа мәліметтер айтылмайды. Тергеу амалдары жалғасуда, делінген.

Еске сала кетсек, 1 мамыр таңғы сағат 05:55 кезінде Сардоба су қоймасының бөгенінің 6-пикеті бұзылып су тасқынының нәтижесінде аумақтағы 22 ауылды-мекеннен 90 мыңға жуық азамат қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған. Апаттың салдарынан 6 мың үй жануарлары қырылғандығы айтылған. Қазірге толық шығын жөнінде нақты ақпарат берілмеген.

1 650
ӨзА