ӨзА Қазақ

30.07.2019 10:03 Басып шығару нұсқасы

Самарқандта метро құрылады

Самарқандта метро құрылады

Орта Азия елдері арасында туристер көп шоғырланатын мекен ол қазірде Өзбекстан елі. Ал мұнда шеттен келген туристерді өзіне тартар көне тарихи қалалар жетерлік. Соның ішінде ең ерекшесі Самарқанд саналады.

Самарқандтың туризмдік әлеуетін арттыру, сондайақ келген саяхатшыларға қала сыртындағы әсем мекендерді де көрсету жоспарымен жергілікті халықтың жағдайн біршама жақсарту  мақсатында, қала мен облысты байланыстыратын тұрақты жылдамдықта қатынайтын жеңіл метро бағыты құрылатын болады. Жеңіл жүрісті шағын бұл поездар 2-4 вагоннан құралған болып, әдеттегі метродан аса айырмашылығы болмайды. 

Самарқанда салынатын метро жайында Премьер-министрдің орынбасары Азиз Абдухакимов мәлімдеген болатын.

Өткен аптада мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев арнайы Самарқандқа жасаған сапары аясында Самарқанд ауданындағы ескек есу каналының бойында туристік орталық құрылысының жобасымен танысты. Аталған туристік орталық үшін ажратылған 360 гектар жердің 80 гектарын коференциялық форумдар орталығы мен қонақ үйлер және басқа да саяхатшылар үшін көңіл ашар орталар құру жоспарланған.

Бұл орталықта салынатын қонақ үйлер бес жұлдызды, түр және үш жұлдызды болып, онда қазіргі заман талабына толықтай жауап беретін, туристер үшін кіші аралдар мен ресторандар және басқа барша қолайлықтар жаратылатын болады.

Азиз Абдухакимовнинг мәліметінше, Самарқандты транспорт инфраструктурасымен қамтамасыз ету және оны дамыту мақсатында Президент жеңіл жүрісті метро құруды бастау керектігі жайында тапсырма берген. 


ӨзА
4 934