ӨзА Қазақ

07.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Самарқанд пен Жыззақта да коронавирус анықталды

Самарқанд пен Жыззақта да коронавирус анықталды

ДСМ-нің хабарлауынша Өзбекстанның және екі облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандық жағдайы тіркеліп, науқастар саны 500-ден асқан.

Соңғы дерекке сай Самарқанд пен Жыззақтада індет жұқтырғандар тіркелген болып, науқастар қатары 32 кісіге көбейіп 504-ке жеткен. Олардың 212-сі ер адамдар, 292-сі әйелдер (30-ы аурудан сауығып, 2-сі қайтыс болды).

Ташкент қаласында 194 кісі вирус жұқтырған. Ал облыстар арасында Бұхара облысы жетекшілік етіп келеді. Қазірге дейін ондағы науқастар саны 84-ке жеткен. 

Ферғана облысында - 70
Әндіжан облысында - 61
Наманган облысында - 51
Хорезм облысында - 18
Қарақалпақстан Республикасында - 16
Қашқадария облысында - 6
Науаиы облысында - 2
Самарқанд облысында - 1
Жиззах облысында 1 кісіден вирус инфекциясы анықталған.

Қазіргі уақытта тек Сырдария мен Сұрхандария облыстары ғана вирустан таза мекендер ретінде қалуда. 

2 268
ӨзА