ӨзА Қазақ

28.05.2019 Басып шығару нұсқасы

Самарқандқа Жалаңтөс Баһадурдың ескерткіш мүсіні қойылады

Самарқандқа Жалаңтөс Баһадурдың ескерткіш мүсіні қойылады

Қазақтың бір туар батыры, ұлы қолбасшы Самарқан жерінде 44 жыл билік еткен Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлына, өзі билік еткен мекен Самарқан жерінде ескерткіші қойылады. 

Бұл жайында Самарқанд әкімі орынбасары Рустам Қобилов. қатысуымен өткен баспасөз мәслехатында айтылды. 

Сондай-ақ биылғы жылдың 20 маусым күні Самарқанд қаласында Жалаңтөс Баһадурдің әскери әлеуеті және батырдың тарихи кезеңіне арналған «Жалаңтөс Баһадурдің Орталық Азия әлеуметтік-саяси және мәдени өміріндегі орны» тақырыбында халқаралық конференция өткізілмек. Бартырдың ескерткіш мүсіні осы коференция аясында ашылуы жоспарланып отыр. 

Сайыпқыран Әмір Темірден кейін Самарқадтың өркендеуіне септігі тиген батырдың бірі Жалаңтөс Баһадүр. Ол дарынды қолбасшы ғана емес, ұлы сәулет өнерінің де қамқоршысы бола білді. Қазірде Самарқандтың символы саналатын Регистан алаңындағы Ұлықбек медресесінің қарсысынан 1619-1636 жылдары «Ширдор» (Арыстан қақпа) медресесін салдырады. 1646-1660 жылы екі медресенің ортасынан «Тиллакори» (Алтынмен апталған) медресесінің құрылысы тікелей батырдың бастамасымен салынған.

Аталған конференция аясында «Шығыс эстрадасы» XII халқаралық фестивалінде өтізу жоспарланып отыр. 

10 808
ӨзА