ӨзА Қазақ

25.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Сұрхандарияда 1,1 млрд сумдық дәрі-дәрмектердің заңсыз саудасы анықталды

Сұрхандарияда 1,1 млрд сумдық дәрі-дәрмектердің заңсыз саудасы анықталды

Сурхандария облысының Термез қаласында 1,1 миллиард сумдық дәрі-дәрмектерін заңсыз саудасы тоқтатылды.

Фармацевтикалық желіні дамыту агенттігінің хабарлауынша, Мемлекеттік кеден комитетінің қызметкерлері жүргізген операция барысында Термез қаласының тұрғыны X.X. 46,8 млн сумдық 810 жәшік «Азалептол Клозапин» препаратын заңсыз сату кезінде заттай айғақтармен қолға түскен. Осы жағдайдан кейін бұл азаматтың тұррғылықты пәтерін куәгерлердің қатысуымен тексеру жүргізген шақта үйінен тағыда 998,2 миллион сум көлемінде пайдалану үшін жарамдылық жөнінде ешқандай мәліметтер болмаған дәрі-дәрмектер сақтап келгендігі анықталған.

Агенттіктің дерегінше тексерістер нәтижесінде жалпы 1,1 млрд сумдық дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар заң бұзушылардан тәркіленіп, қазіргі уақытта бұл іс бойынша кеден органдары тергеу жүргізуде.

1 785
ӨзА