ӨзА Қазақ

21.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Ресей Өзбекстанға «COVID-19» коронавирусын анықтаушы тест сынақ жүйелерін жеткізіп берді

Ресей Өзбекстанға «COVID-19» коронавирусын анықтаушы тест сынақ жүйелерін жеткізіп берді

Ресейдің Роспотребнадзор ғылыми-зерттеу орталығы тарапынан жасалған «COVID-19» коронавирусын анықтаушы «Векторлы» тест сынақ жүйелерін 13 елге соның ішінде Өзбекстанға да берген. 

Ғылыми-зерттеу орталығы таратқан ақпаратқа сай, атаулы тест-сынақ жүйелері Еуразиялық экономикалық одаққа, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерге, Иран, Монғолия және КХДР-да COVID-19 бойынша 100 000-нан астам зерттеулер жүргізу үшін табысталған.

Осы тест-сынақ жүйелері Египет, Сербия және Венесуэлаға да жіберіледі. Дәл осы Роспотребнадзор ғылыми-зерттеу орталығы тарапынан жасалған «COVID-19» коронавирусын анықтаушы «Векторлы» тест сынақ жүйелерін пайдалану арқылы Өзбекстан, Армения, Беларусь, Қырғызыстан елдерінде тәжіндетінің алғашқы дерегі анықталған. 

1 771
ӨзА