ӨзА Қазақ

09.07.2020 Басып шығару нұсқасы

Расул Кушербаев: Ресей мен Қазақстан шекарасында қалып қойған өзбекстандықтарға жан-жақтама қолдау көрсетуге шақырды

Расул Кушербаев: Ресей мен Қазақстан шекарасында қалып қойған өзбекстандықтарға жан-жақтама қолдау көрсетуге шақырды

Әлеуметтік желілерде Ресей мен Қазақстан шекарасы маңында өтеалмай сарсаңға түскен өзбекстандық азаматтардың елге қайту үшін үкіметінен көмек сұрап бейне таспа арқылы жасаған жолдауына орай, ӨР-ның «Олий Мажлис» Заң палатасы депутаты Расул Кушербаев жағдайдың оңтайлы шешім табуы үшін Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінмен байланысқаны жөнінде өз «Телеграм» каналында жазған.

Онда, «Бүгін Ресей мен Қазақстан аймағындағы «Маштакова» шекара өткізу бекетінде Өзбекстанға қайту ниетінде шекарада қалып қойған өзбекстандықтардың бейне хабарламасы бойынша Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің лауазымды тұлғаларымен байланыс орнаттық.

Осы байланыс аясында мына жағдайды біржақты ету және қатаң карантиндік кезеңге орай ауыр жағдайға тап болған осынау азаматтарымызды аман-есен Өзбекстанға келуі үшін қажетті көмек көрсету мақсатында Ресей Федерациясындағы елшілік өкілдері оқиға орнына барып жағдайды бақылауға алғаны айтылды.

Дәл қазіргі уақытта Республика басшылығы бұл мәселені шешу және отандастарымызға көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Осы мүмкіндікті пайдаланып менде осынау ауыр сынақты кезеңде барлығынан, соның ішінде бауырлас көрші елдердегі достарымыздан, халық арасындағы белсенді азаматтардан бір-бірімізге көмек қолын созуға және Өзбекстанға келеалмай қиын жағдайда қалған өзбекстандықтарды жан-жақтама қолдауға шақырғым келеді.

Біз болашақ ұрпақ үшін жақсы үлгі бола алатындығымызға сенімдімін және мынадай сынақты күндерде халықтар арасындағы достық пен өзара сенімділік байланыстары берік екенін тағы бір көрсете алуымызға сенемін!», деп жазады Расул Кушербаев. 

4 415
ӨзА