ӨзА Қазақ

25.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Расул Кушербаев: Облыстағы азаматтарға арнайы еңбек күәлігін беру мәселені шешеме?

Расул Кушербаев: Облыстағы азаматтарға арнайы еңбек күәлігін беру мәселені шешеме?

Бүгінгі күнде Өзбекстанда сейілмей тұрған проблемалардың бірі ол, облыстардағы азаматтардың ел астанасы Ташкент қаласына келіп жұмыс жасауы мен уақытша тіркеуге тұрмай полиция қызметкерлері тарапына айыппұлдар салыну жазасы өз шешімін таппай келеді.

Осы мәселеге байланысты Жоғарғы Мәжіліс Заң палатасының депутаты Русул Кушербаев, халықтың жанына батқан, қаншама жылдан бері өзегін өртеп келе жатқан проблемалардың шешілу кезі келмедіме екен деген пікірде нақтылай фактілермен бөлісті.

-қазіргі күнде Ташкент қаласында басқа облыстардан келіп құрылыс саласында жұмыс жасап жатқан азаматтар көп. Ал бізде жұмыс жасау үшін уақытша тіркеуге түру керек деген талап бар. Бірақ бұл мәселе өткен жылы заңда еңбек кодексінен алынып, жұмысқа тұру кезінде тіркеу жайында ештеңе талап етілмейтін болған еді. Алайда құзырлы орган қызметкерлері осынау мәселені тұрақты тіркеу мәселесімен шатастырып жалпылама бассалуды жалғап келеді. Бізде тұрақты тіркеуге тұру механизімі оңай емес, ол нәрсе екінің біріне беріле бермейтін жағдай. Соның кесірінен екі ортада өз халқымыз, өз напақасын өз бала шағасына апаралмай, осында тастап кетуге мәжбүр болып отыр. Осы жайында министрлікпен ақылдасып бір шешімін сұрап едім, олар бұл мәселеге облыстан келген азаматтар үшін арнайы еңбек күәлігін беруді ұсыныпты. Бірақ ақылы екен. Тек енді бұл күәлікті тегін беруді айтқым келеді,-деп айтқан.

Сондай-ақ депутат Күшербаев білім саласына да тоқталып, орта білім алған жастардың басым бөлігі жұмыссыз сарсаңға түскені, олар жұмыс сұрап барған мектеп орындары қабылдамай тек жоғары білімділерді жұмысқа аламыз деген талаптарын келтіріп, заңда орта білімді азаматтарды жұмысқа алмаймыз деген низамның өзі жоқ екенін алға тарта отырып осы сынды мекеме орындарына қатаң шаралар көру керкетігін айтқан.

Расул Кушербаев жуырда Өзбекстандағы БАҚ және әлеуметтік желілердегі қоғамдық белсенділердің топ-30 қатарына енген болатын. 

74184605_443300483058691_780200978484822016_n.jpg


7 207
ӨзА