ӨзА Қазақ

22.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Президент 21-ші қазан күнін «Өзбек тілі мерекесі»,-деп жариялады

Президент 21-ші қазан күнін «Өзбек тілі мерекесі»,-деп жариялады

Жаңадан ашылған Ташкент қаласындағы «Ташкент Сити» кешеніндегі зәулім ғимарат «Конгресс Холлда», Өзбек тілінің мемлкекеттік тіл ретінде қолданылғанына отыз жыл тоуына орай өткен салтанатты мерейтойда Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев 21-ші қазан күнін «Өзбек тілі мерекесі күні»,-деп жариялады. 

Өзбекстан Президенті тілге байланысты өткен салтанатты іс-шарада, елде мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған күш-жігердің қисынды жалғасы ретінде тағы бір маңызды қадам басталғанын өз сөзінде жариялады.

-«Мен бүгін «Өзбек тілінің мемлекеттік тіл ретінде беделі мен мәртебесін түбегейлі арттыру туралы» Жарлыққа қол қойдым. Онда айтылғандай «Мемлкеттік тіл жөніндегі» заң қабылданған күнінің тарихи орны мен маңызына сәйкес, 21-ші қазан күнін елімізде «Өзбек тілі мерекесі күні»,-деп жарияланды», -деді өз сөзінде Шавкат Мирзияев.

5 413
ӨзА