ӨзА Қазақ

06.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Парламент сайлауларының соңғы нәтижелері жарияланды

Парламент сайлауларының соңғы нәтижелері жарияланды

2019 жыл 22 желтоқсандағы өткен кезекті рет 5 жылға Өзбекстан «Олий Мажлис» Заң палатасы және халық Кеңесі депутаттығына өткен сайлаудың нәтижесі бойынша, Орталық сайлау комиссиясы 25 сайлау округінде топталған қорытынды Сайлау кодексінде көрсетілен талаптарға жеткіліксіз болғандықтан қайта сайлау өткізу жайлы шешім шығарған еді.

ОСК-ның осы шешімге байланысты кеше 5 қаңтар күні республика аумағындағы 1 730 сайлау участкесінде қайта дауыс беру ұйымдастырылып, онда тіркелген азаматтардың 62,8 пайызы яғни 1 978 048 жан дауыс берген.

Бес мыңнан астам бақылаушылар күзеткен сйлау нәтижесіне орай, Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлисі» Заң палатасына саяси партиялар келесідей орындарға ие болған:

1. Өзбекстан Либералды-демократиялық партиясы - 53 орын.
2. «Милли тикланиш» демократиялық партиясы - 36 орын.
3. «Адолат» социал-демократиялық партиясы - 24 орын.
4. Өзбекстан Халық демократиялық партиясы - 22 орын.
5. Өзбекстанның Экологиялық партиясы - 15 орын.

Еске сала кетсек, 2019 жыл 22 жетоқсандағы өткен сайлау нәтижесі бойынша Өзбекстан Либералды-демократиялық партиясы ұсынған кандидаттарынан 43-і өтіп парламетте басымдыққа ие болған еді. 


4 044
ӨзА