ӨзА Қазақ

03.08.2020 Басып шығару нұсқасы

Пандемия кезінде жерлеу рәсімін қалай өткізу туралы ақпарат

Пандемия кезінде жерлеу рәсімін қалай өткізу туралы ақпарат

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Мирзамақсуд Алимов пандемия жағдайында жерлеу рәсімінің тәртібі туралы мәлімет берді.

«Жаппай жерлеу рәсімдері - бұл вирустың таралуы үшін қолайлы жағдай. Жерлеу рәсімінде көпшілік жиналмауы керек. Осы жағдайға қатысушылар 1,5 метр қашықтықта тұруы қажет және медициналық маска мен қолғап киіп, қолдарын антисептикпен тазартуы ләзім. Өзара көрісуді уақытша тоқтата тұру маңызды.

Мәйітті медициналық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаған күйі жуу керек. Жууда қолданылатын барлық заттар өртке тасталып, шелек және сол сияқты басқа ыдыс-аяқтар хлор сынды құралдармен дезинфекцияланып, 5-6 сағат күн нұрында кептірілуі қажет.

Егер мәйітті медицина қызметкерлері арнайы матамен орап қойған болса, оларды медициналық қауіпсіздік тұрғысынан ашуға болмайды. Мәйітті қайта ғұсыл алдырудың қажеті жоқ.

Жаназа намазы 5-7 минутқа созылып, онда үлкен жастағы қариялар мен денсаулығы нашар азаматтар және жас балалар қатысуға болмайды. Ондағылар әлеуметтік қашықтықты сақтау маңызды. Егер медицина қызметкерлері мәйітті зиратқа әкелсе, жаназа сол жерде оқылуы керек.

Мәйітті жер қойнауына тапсыру әдеттегідей өтетін болып, оған сонымен қатар мүмкіндігінше аз адамдар қатысқаны дұрыс. Жаназа аяқталған соң зираттан жылдам үйге оралып, тазарту шараларын жасау қажет. Жерлеуден кейінгі рәсімдерді тек отбасылық шеңберде өткізу ұсынылады», - деді Мирзамақсуд Алимов.

3 122
ӨзА