ӨзА Қазақ

12.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Отбасылық кәсіпкерлікпен айналысатын жандарға жеңілдіктер заңмен бекітілді

Отбасылық кәсіпкерлікпен айналысатын жандарға жеңілдіктер заңмен бекітілді

2019 жылғы 12 қарашада парламенттің төменгі палатасының кезекті отырысында Өзбекстан Республикасының« Отбасылық кәсіпкерлік туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда толықтай талқыланып қабылданды.

Аталған заң жобасы биылғы жылдың қазан айының 24-ші жұлдызында Заң шығару палатасы жалпы отырысының бірінші оқылымында концептуалды түрде қабылданған болатын. Осы өткен уақыт аралығында жауапты комитет пен жұмыс тобы жобаның ережелері мен нормаларын жетілдіріп, заңда көрсетілген барлық талаптарға сәйкес эталондық нормалар алынып тасталды және тікелей қазетті баптар енгізілді.

Бұл заң жобасындағы маңызды жаңалықтардың бірі - отбасылық кәсіпкерлер белгілі бір ғимарат нысанынан пайдаланған кезде ұсынылатын коммуналдық қызметтерге жергілікті тұрғындарға белгіленген тарифтер бойынша және шартты негіздер түрінде жүзеге асырылуы қамтамасыз етілген.

Депутаттардың айтуынша, аталған заң жобасын қабылдау өңірлердегі отбасылық бизнестің өсуіне, ұлттық қолөнер мен жұмыспен қамтудың одан әрі дамуына маңызды құқықтық негіз болады деп санайды. 

5 104
ӨзА