ӨзА Қазақ

04.08.2020 Басып шығару нұсқасы

Орталық Азия сарапшыларының кездесуі өтті

Орталық Азия сарапшыларының кездесуі өтті

Орталық Азияның сыртқы істер министрліктері департаменттері басшылары деңгейіндегі сарапшылардың кезекті отырысы бейнеконференция түрінде өтті. Бұл туралы Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара барысында тараптар 2019 жылдың қарашасында Ташкентте өткен Орталық Азия Мемлекет басшыларының екінші саммитінде қол жеткізілген келісімдердің орындалуы және 2020 жылы Қырғызстанда өтетін Орталық Азия президенттерінің келесі саммитінде қабылданатын құжаттар жобасы туралы пікір алмасты.

3 033
ӨзА