ӨзА Қазақ

10.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Оңтүстік Кореядан Өзбекстанға гуманитарлық көмек жүгі келді

Оңтүстік Кореядан Өзбекстанға гуманитарлық көмек жүгі келді

Өзбекстан Республикасының Сеулдегі елшілігі тарапынан коронавирустық инфекциямен күрес үшін халықаралық ынтымақтастық аясында қол жеткізілген 34 тонналық гуманитарлық көмек жүгінің екінші бөлігі Ташкентке келіп жетті, деп хабарлайды «Dunyo» ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда осы жылдың 13 сәуірінде Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Корея Республикасы Президенті Мун Чэ Ин арасындағы телефон арқылы сөйлесу барысында қол жеткізілген осынау көмектің 6,2 тоннасы алғашқы бөлігі 26 сәуірде Ташкентке әкелінген еді.

Бүгін 10 мамырда «Uzbekistan Airways» әуе копаниясы ұшағы арқылы арнайы жасалған рейсте құны 192 мың доллар тұратын медициналық жабдықтар мен басқа да заттары Сеулден Ташкентке әкелінді.

Оңтүстік Кореяның «Evergreen Motors», “Hanshin E&C”, “Shindong Resources”, “BOMI E&C”, “GM Korea”, GM, “UNICO Logistics”, “Chung Hospital”, “Myung Sung Placon”, “Suwan TPL”, “Union Korea Pharm”, “Century”, “Infinity Co., Ltd.”, “LH”, “Hyundai Engineering” сынды компаниялары мен Шинхан университеті қолдау көрсеткен бұл гуманитарлық жүк құрамында адамның иммундық жүйесін нығайтуға қызмет ететін, автоматты басқарылатын көп функциялы медициналық төсек, антисептиктер мен дезинфекциялық құралдар, медициналық маскалар, тағамдық қоспалар орын алған.

2 147
ӨзА