ӨзА Қазақ

04.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Наурыз мерекесі биыл Өзбекстанда жоғары деңгейде өтпек

Наурыз мерекесі биыл Өзбекстанда жоғары деңгейде өтпек

Жаңару мен жасару мезгілі, көктемнің шуақ-шашқан шырайлы күндерінде тойланатын мұсылманша жыл бастауы – Наурыз мерекесін биыл Өзбекстанда жоғары деңгейде өткізу жоспарланған.

Ұлыстың ұлы күнін тойлау жөнінде арнайы Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев «2020 жылғы Наурыз жалпыұлттық мерекеге дайындалу мен оны өткізу жайлы» қаулы етіп, айтулы мереке «Наурызың – жаңа күн, жаңа дәуренің құтты болғай, ғазиз Өзбекстан!» атты ұранмен өтпек.

Көне мейрамды көтеріңкі рұхта өткізу мақсатында бүкіл республика аумағындағы (қала, облыс, алыс аулыды мекендерде) өтетін орындарда түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырып, олар қатарында қолөнер шеберлерінің көрмелерін, өнерпаз әншілер мен бишілер және цирк сахналық қойылымдары, сондай-ақ көшпелі сауда дүкендері мерекені тойлап шыққан жандарға қызмет ететін болады.

Ежелден түркі және мұсылман халықтарына ортақ мереке (2010 жылдан бастап БҰҰ Бас ассамблеясының 64-қаулысына сай) осы айдың 21 жұлдызы Халықаралық Наурыз күніне орай дайындалар ұлттық «Суламак» пен әр түрлі дәмді тағамдардан дәм татып, түрлі қызықтарға толы көріністерден қапыда қалмайын десеңіз Наурызға келіңіз ағайын!

3 409
ӨзА