ӨзА Қазақ

03.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Наманганда өтетін Халқаралық инвестициялық форумы жайында

Наманганда өтетін Халқаралық инвестициялық форумы жайында

2019 жыл 7-8 маусым күндері Наманган қаласында «Invest in Namangan» халықаралық инвестициялық форумы өтеді. Форум Наманган облысының әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігі және басқа да тиісті мекемелермен бірлесе ұйымдастырылуда.

Форумға әлемнің 35 елінен, халықаралық ұйымдардан және қаржы институттарынан, туристік агенттіктерден, сондай-ақ Өзбекстанда тіркелген дипломатиялық корпустың 250-ден астам ірі шетелдік іскер топтарының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Бұл форум - Наманган аймағы үшін үлкен халықаралық шара болып аймақтың инвестициялық, экспорттық және туристік әлеуетін дамытуға арналады.

Наманган облысы - Өзбекстанның ең тығыз орналасқан аймақтарының бірі болып табылады. Мұндағы халық негізінен тоқыма өнеркәсібі және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге сәйкестенген.

8 044
ӨзА