ӨзА Қазақ

27.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Наманганда коронавирус індеті анықталған азамат инфарктан қайтыс болды

Наманганда коронавирус індеті анықталған азамат инфарктан қайтыс болды

26 наурыз күні медициналық сараптамасында COVID -19 індетін жұқтырғандығы тәркелген 72 жасар азамат бүгін миокард инфаркттан қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша науқас ұзақ жылдар бойына қант диабеті, созылмалы және басқа да аурулармен емделіп келген. Бұл азаматқа ауру 12 наурызда Түркиядан келген қызынан жұққандығы белгілі болып, ол бүгін таңғы сағат 04:30да дәрігерлердің реанимациялық еміне қарамай миокард инфарктісінен қайтыс болды.

Қазіргі уақытта Өзбекстанда коронавирустық науқастардың жалпы саны 83 жан ғажетті. Кейінгі ауруы анықталған 8 азаматтың бесеуі Ташкент қаласында, үшеуі Әндіжанда тіркелген.

Осы жағдайларға орай Ташкент, Самарқанд, Әндіжан, Наманган, Гүлістан, Бұхара, Науаиы қалаларында карантин жарияланып көлік қозғалысы шектелді.

1 825
ӨзА