ӨзА Қазақ

26.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Наманган қаласына карантинге байланысты кіру шектелді

Наманган қаласына карантинге байланысты кіру шектелді

26 наурыздан бастап карантиндік жағдай жариялануыра орай Наманган қаласына кіруге және шығуға тыйым салынды.

Бұл жағдай облыс тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау және коронавирустық инфекцияның бүкіл аймақта таралуын болдырмау мақсатында орын алған. Қазірде қалаға және қаладан көлік қозғалысының барлық түріне шектеу қойылған.

Карантиндік кезді бақылауға арнайы құрылған штаб тәртіп пен заңды қадағалайтын болып, қалаға кіру және шығуда қойылған уақытша блок посттардың жұмысын тексеру және көліктерді дезинфекция жасауға атсалысатын болады.

Еске сала кетсек, 25 наурызда Өзбекстандағы коронавирус індетін жұқтырған 60-шы азамат Стамбулдан келген Намангандық азамат болып шыққан еді. 

1 740
ӨзА