ӨзА Қазақ

27.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің өкілдері Өзбекстан халықаралық ислам академиясында болды

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің өкілдері Өзбекстан халықаралық ислам академиясында болды

Өзбекстан Республикасы Жоғары және орта арнаулы білім министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның Алматы қаласында орналасқан Нұр-Мүбарак Египет ислам университетінің ректоры Мұхаммед аш-Шаххат әл-Джинди мен білім беру бөлімінің басшысы Жалғас Сандыбаев Өзбекстанның Халықаралық Ислам академиясында болды.

Мәртебелі қонақтарды Өзбекстан Республикасы Президентінің қоғамдық және діни ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі, Өзбекстан халықаралық ислам академиясының ректоры Рустам Касымов қабылдап екі білім ордасы жайында сұхбаттасты.

Осы сұхбат шағында Өзбекстанның Халықаралық ислам академиясы мен Қазақстанның «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті арасында ынтымақтастық байланыстары күшейту, қасиетті ислам діні мен мәдениетінің шынайы мәнін халықаралық қауымдастыққа түсіндіру, оқу бағдарламалары және оқулықтармен алмасу, оқытушылар құрамы, зерттеушілер мен студенттер арасындағы алмасуларды жолға қою жайлы ауқымды келіссөздер жүргізілді.

5 641
ӨзА