Минскте Әлішер Науаиының бюст ескерткіші ашылды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің Беларусь Республикасына ресми сапары қарсаңында Минск қаласының көркем бульварында ұлы өзбек ақыны және ойшылы Әлішер Науаиының бюст ескерткіші ашылды.

Бұл аталмыш шара екі ел арасындағы мәдениетаралық қатынастардың жаңа тарихындағы үлкен оқиға болды. Себебі, осы уақытқа дейін бірде-бір шығыс ойшылына осындай құрмет көрсетілмеген екен. Бұл ескерткіш Беларусь Республикасындағы алғашқы шығыс әдебиетінің ұлы данышпаны үшін жасалған ескерткіш саналады.