ӨзА Қазақ

15.05.2019 10:04 Басып шығару нұсқасы

Мектеп бітіруші түлектерге атестаттар 20 маусымға дейін тапсырылады

Мектеп бітіруші түлектерге атестаттар 20 маусымға дейін тапсырылады

Педагогикалық кеңес жыл сайын 15 маусымға дейін мектеп бітіргендігі турасындағы куәлік және сертификатпен марапаттау туралы шешім қабылдайды.

Үкімет қаулысымен Жалпы орта білім туралы мемлекеттік негіздегі ресми құжаттарды беру тәртібі туралы ереже (2019 жылдың 13 мамыры, 393-сан) бекітілді. Бұл туралы «Құқықтық ақпарат» арнасы хабарлады.

Ережеге сәйкес бітірушілерге атестат пен сертификаттарды мектеп бітіруші түлектерге табыстау келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:

• Жыл сайын 10 маусымға дейін бітірушілердің бағалары, оқу үрдісіне байланысты құжаттар (сынып журналы, бағалық табелдер) зерттеледі және атестаптс сондай-ақ сертификатпен марапатталатын түлектердің тізімі педагогикалық кеңестің қарауына жіберіледі;

• Педагогикалық кеңес әр жыл сайын 15 маусымға дейін атестаттар мен сертификаттарды марапаттау туралы шешім қабылдайды;

• Мектеп бітіруші түлектерге атестат және сертификат жылдың 20 маусымына дейін салтанатты түрде тапсырылады.

Еске сала кетсек, денсаулығында ауытқулы ауруы бар болған оқушылар үшін арнайы мектеп (мектеп-интернаты) тарапынан бітіргендік турасындағы күәлік берілетін болады. 

ӨзА
3 673