ӨзА Қазақ

24.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Коронавирус жұқтырған тағы 93 азамат тіркелді

Коронавирус жұқтырған тағы 93 азамат тіркелді

Өзбекстанда 24 маусым күнгі таңғы мәліметтер бойынша елде тағыда коронавирус жұқтырған 93 азамат анықталған.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарына сай бүгін таңғы сағат 10:00 уақытымен республикадағы жалпы індет расталған жағдай 6755 кісіге жеткені айтылады.

Жаңадан вирус жұқтырғандардың 51 карантиндегілер арасында, 37 Ташкент қаласында, 5 Ташкент облысынан тіркелген.

Бүгінге дейін аурудан сауыққандар саны 4560 кісіге жетіп, 19 азамат індетен көз жұмған.

Ел аумағында коронавирус жұқтырғандар саны күн өткен сайын күрт өсіп келеді. Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 2176 науқас індетпен күресуде, олар арасында 18 азаматтың жағдайы ауыр, 4 жанның халі өте ауыр екені айтылады министрлік хабарында.

1 820
ӨзА