ӨзА Қазақ

13.07.2020 Басып шығару нұсқасы

Коронавирус жұқтырған тағы 196 азамат анықталып, бір кісі қаза болды

Коронавирус жұқтырған тағы 196 азамат анықталып, бір кісі қаза болды

Өзбекстанда 13 шілде күнгі таңғы мәліметтер бойынша елде коронавирус жұқтырғандар қатары 196 кісіге, қаза болғандар саны бір жанға көбейді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарына сай таңғы сағат 10:00 уақытымен республикадағы жалпы індет расталған жағдай 13193 кісіге жеткені айтылады.

Жаңадан вирус жұқтырғандардың 142 Ташкент қаласы тұрғындар арасында, Бухара(20), Наманган(25), Ферғана(9) аймағында тіркелген.

Бүгінге дейін аурудан сауыққандар саны 7852 кісіге жетіп, 61 азамат індетен көз жұмған.

Соңғы күндері аумағында коронавирус жұқтырғандар санынан бөлек індеттен көз жұмғандар қатарыда артып келеді. Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 5280 науқас індетпен күресуде, олар арасында 43 азаматтың жағдайы ауыр, 5 жанның халі өте ауыр делінген министрлік хабарында.

2 321
ӨзА