ӨзА Қазақ

13.07.2020 Басып шығару нұсқасы

Коронавирус: Өзбекстанда тәуліктік аурулар саны күрт өсіп 600-ге жуық кісі індет жұқтырды

Коронавирус: Өзбекстанда тәуліктік аурулар саны күрт өсіп 600-ге жуық кісі індет жұқтырды

Өзбекстанда 13 шілдеге келіп ел аумағында коронавирус жұқтырғандар қатары күрт өсіп, тәулік бойы 594 кісінің вирусқа шалдыққаны белгілі болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің 23:30-дегі тәуліктік қорытынды хабарында айтылуынша бүгін ел аумағында үш азамат індеттен көз жұмған және 178 науқасқа емханадан үйіне қайтуына рұқсат берілген.

Қазірде ел аумағында 13591 індет жұқтарғандар анықталған болып, одан 8030 науқас шипа тауып отбасына аман-есен оралған. Өкінішке орай бүгінге дейін вирустан 63 кісі көз жұмды.

Соңғы дерекке сай ел аумағында 51 555 азамат үй жағдайында оқшауланған және 23 560 науқас арнайы карантиндік бақылау аймағында ем қабылдауда. 

2 344
ӨзА