ӨзА Қазақ

14.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны күрт өсіп рекордты жағдай тіркелді

Коронавирус: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны күрт өсіп рекордты жағдай тіркелді

Кеше 13 сәуір күнгі дәл осы уақытта республика бойынша 133 вирус жұқтырғандық жағдайы тіркеліп, күндік ең көп көрсеткші орын алған еді. Ал бүгін індетке шалдыққандар қатары бұдан да асып кетті.

ДСМ-нің хабарлауынша, 2020 жыл 14 сәуір кешкі сағат 23:00 уақытымен бір тәулікте 167 азаматтан вирус анықталып, жалпы науқастар саны 1165 кісіге жеткен. Сондай-ақ аурудан сауыққандар қатарыда 14 кісіге көбейіп 99-ға жетті. Күндізгі уақытта хабарлаған министрліктің мәлімдемесінде карантиндегі 27 азаматтың жағдайы орта ауыр делінген. Ал аурудан қаза болғандық көрсеткіші бойынша қазірге дейін 4 жағдайы тіркелген.

Бүгін ел аумағында вирус тіркелгеніне 30 күн болды. Осы аралықта карантиндік тәртіпті бұзған 50 мыңнан астам оқиға анықталған.

1 932
ӨзА