Коронавирус себеп Өзбекстан Қытайға гуманитарлық көмек жіберуде
Қытайда бұл індеттен қаза тапқан жандар бүгінге келіп 1100-ден асып кетті
«nCoV-2019» деп аталушы Қытайда тараған коронавирустың жаңа түрінің қауіпті деңгейі бүгінгі күнге келіп жер-жаханда халықаралық төтенше жағдай орын алған бір кезде Өзбекстан үкіметі Қытай еліне осы ауруға қарсы күресте көмек мақсатында гуманитарлық көмек жіберуде.
Әлемге қауіп төндірген осы індетті жеңу жолында сырттан ғана бақылап отыруды ерсі көрген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев 12 ақпан күні Қытай Халық Республикасына гуманитарлық көмек жіберу турасындағы жарлыққа қол қойды.
Атаулы көмек жүк құрамында ондағы аурумен күресу аймағындағы дәрігерлер мен ауырған жандар үшін зәру болған медициналық дәрі-дәрмектер, бір рет қолданылатын қолғаптар, қорғаныс костюмдері, бет үшін фильтрлі маскалар және басқа да қажетті өнімдер бар.
