ӨзА Қазақ

25.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Коронавирус індетін жұқтырғандар саны 60 адамға жетті

Коронавирус індетін жұқтырғандар саны 60 адамға жетті

Өзбекстанда COVID-19 коронавирус індетін жұқтырғандар саны тағы бес кісіге артты. Олардан төртеуі шетелден қайтқан азаматтармен байланыста болған жандар болса, бірі Стамбулдан оралған Намангандық азамат.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша Стамбулдан қайтқан азамат қазірде Намангандағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделуде. Жалпы Өзбекстанда карантиндік бақылауға алынғандар саны 20 мыңнан астам болып, олардан 60-да коронавирус жұқтырғандығы расталған.

Ең алғаш ел аумағында осы індет 15 наурызда тіркелген болып, ол Франциядан 11 наурыз күні Париж-Ташкент бағытында ұшып келген дәрігер әйелдің сараптамасынан анықталған еді. Ол бүгінге дейін өз от басы және әріптестерін қосқанда 10-нан астам адамға жұқтырғаны белгілі болды. 

1 149
ӨзА