ӨзА Қазақ

13.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Коронавирус: індет жұқтырғандар арасында 12 науқастың жағдайы ауыр

Коронавирус: індет жұқтырғандар арасында 12 науқастың жағдайы ауыр

Өзбекстанда тағы 21 коронавирус жұқтырған жан тіркелді. Жалпы науқастар арасында 12 жанның жағдайы ауыр халде.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарында, 13 мамыр таңғы сағат 10:00 уақытымен республикада тағы 21 вирус жұқтырған азамат тіркеліп, жалпы аурулар саны 2568 кісіге жеткені айтылады. Ал аурудан сауыққан азаматтар қатары 2040-ты құрауда. Бүгінге дейін 10 кісі індеттен көз жұмған.

Қазірде республика ауруханаларында қалған науқастар саны 518-ді болып, олар арасында 12 науқастың жағдайы ауыр халде.

2 017
ӨзА