ӨзА Қазақ

09.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Коронавирус: Бүгін 102 кісі індеттен сауығып шықты

Коронавирус: Бүгін 102 кісі індеттен сауығып шықты

Өзбекстанда 9 маусым күні тәулік бойы 102 вирус жұқтырған жан аурудан сауығып шықты. Қазіргі уақытқа келіп олардың қатары 3459 кісіге жетткен.

Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды жаңалықтарына сай бүгін ел аумағында вирус жұқтырғандық 80 жағдай анықталған болып, жалпы Covid-19 диагнизы қойылған 4520 жан тіркелген.

Жаңадан вирус жұқтырғандардың 55 карантиндік бақылау аймағынан анықталған. Ал қалған 25 азаматтың 11-і Ташкент қаласынан, 13-і Науаиы облысы, 1 азамат Ташкент облысынан шыққан.

Өзбекстанда алғашқы вирус расталған жағдай 15 наурызда Ташкентте тіркелді. Содан беріге дейін 18 азамат індеттен көз жұмған. Бүгінде республикалық ауруханаларда 1043 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда. 

2 483
ӨзА