Бұл маман Корей медицина қауымдастығының ғылыми-зерттеу комитетінің төрағасы және коронавирусқа қарсы күрес штабының жетекші кеңесшісі

Қазіргі күнде коронавирусқа байланысты әлемдегі пандемиялық жағдай барлық елге өз әсерін көрсетіп тұрғаны белгілі. Солар қатарында Өзбекстанға да. Осы жағдайды оңтайлы шешу мақсатында Кореяның «Корё» университеті профессоры Цой Чже Ук халықаралық сарапшы маман ретінде елге шақыртылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарынша, профессор Цой Чже Ук өзінің көпжылдық тәжірибесімен Өзбекстандағы қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы күреске байланысты жүргізіліп жатқан емдік процеске көмектесу үшін келгені айтылған.

Алдағы уақытта Корей медицина қауымдастығының ғылыми-зерттеу комитетінің төрағасы және коронавирусқа қарсы күрес штабының жетекші кеңесшісі Цой Чже Ук Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі мамандарымен бірге жұмыс бастайды.

Ескерте кетсек қазіргі уақытта Өзбекстанда COVID-19 індетін жұқтырған жандар саны 149 кісіге жеткен. 7 азамат емделіп шықса, екі кісі қаза боды.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Кореялық профессор коронавирусты емдеуге көмектесу үшін Өзбекстанға келді