ӨзА Қазақ

04.04.2019 Басып шығару нұсқасы

Кино өнері негіздерін тегін үйрену үшін жастарға тағы бір мүмкіндік

Кино өнері негіздерін тегін үйрену үшін жастарға тағы бір мүмкіндік
Жас кинематографтар кеңесі «ART HOUSE» білім беру жобасының екінші маусымы басталды. 

Жастар одағы, «Өзбеккино» ұлттық агенттігі, кинематография саласын дамыту орталығы көмегімен бірлесе отырып, Жас кинорежиссерлер кеңесі тарапынан ұйымдастырылып жатқан осынау тегін жоба арқылы 30 жасқа дейінгі жастар атақты режиссер, сценарист, актер және операторлардан кино негіздерін үйренетін болады. 

Аталған жоба екінші рет ұйымдастырылып жатыр. Бұл маусымда Али Ҳамроев, Қамара Камалова және Жасур Искаков сынды мықты режиссерлар ұстаздық етіп, режиссура және драматургиядан сабақ беретін болады.

Алишер Узоқов, Рано Шадиева және Ділназа Кубаевалар актерлық шеберліктен тәлім берсе, Хамидулла Хасанов және Ёдгор Насиров ператорлық ісі бойынша дәріс өтетін болады. 

29 912
ӨзА