ӨзА Қазақ

11.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Карантинде үйде жұмыс істеп кеңсені сағынғандар үшін арнайы сайт ашылды

Карантинде үйде жұмыс істеп кеңсені сағынғандар үшін арнайы сайт ашылды

COVID-19 атты індеттің салдары жер жахандағы жан баласын төрт қабырға ішіне айдап салып, үйреншікті әдетінен махрүм еткеніне де біраз уақыт болды. Әзірге бұл сұмдықтың қай кезге дейін жалғасуы да нақты емес екендігі күнделікті көше кезіп, көлігін жүргізе шулы қала көшесімен кеңсеге асыққан жандар үшін оңайға соқпағаны белгілі. Өйткені күнде бір қызықты нәрсе немесе әр күн сайын өзгерістер кеңістігінен үйге оралар жандар үшін аяқ астынан тап болған мына жағдай кімнің болсын көңіліне қаяу салғаны баршылық.

Дәл осы күнгі төрт қабырға ішінде қамала тұрып, өзінің кеңсесін сағынған жандар үшін арнайы сол аураның ауасын сезіндірер «Мен кеңсені сағындым» атты сайтының жұмысы іске қосылды. Мұнда кеңседегі өзіне тән жұмыс порцесі кезіндегі әріптестердің үні мен сондағы қимыл әрекеттер негізінде жасалған виртуалды әлем бар. Сіз тыңдау түймесін басып қалған сәттен сол әлемге енген секілді барлық дыбыстар бір уақытта шыға бастайды. Телефон қоңыраулары, әріптестер бір мәселені талқылау үстіндегі дыбыстар, тағы біреудің құжаттарды принтерден шығарып жатқан үні мен желдеткіштің баяу дыбыста алыстан естілуі тағы, тағы, тағылар...

Сайт жасаушылардың импровизациясының жоғары екендігі, сіз кеңседегі кез келген бұйым үстіне бассаңыз оның дыбысы жоғары естіле бастайды, құдды сіз оның қасында тұрғандай. Олай болса төрт қабырға ішіне қамалған қапырық демнен шаршаған болсаңыз мына сілтемеге https://imisstheoffice.eu/ өтіп өз кеңсеңіздің қызығына толы әлемге бір сәт саяхаттап көңіл серпітіп алыңыз.  

2 366
ӨзА