ӨзА Қазақ

10.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Күннің соңғы жаңалығы: Коронавирус жұқтырғандар 2400-ден асты

Күннің соңғы жаңалығы: Коронавирус жұқтырғандар 2400-ден асты

Денсаудлық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстанда бүгін 10 мамыр күнгі қорытынды жаңалық бойынша 69 коронавирус жұқтырған жан тіркелген. Ал 35 азамат індеттен сауығып ауруханадан шыққан.

Сонымен жалпы бүгінге дейінгі індет расталған жағдай 2418-ді құрауда. Ал, аурудан сауыққандар қатары 1881 кісіге жетіп, 10 кісі қаза болған. Республикалық ауруханаларда қалған науқастар саны 527.

Еске салар болсақ, Өзбекстанда алғашқы коронавирус індеті 15 наурызда тіркелген еді. Науқас 11 наурызда Парижден саяхаттап оралған Ташкенттік дәрігер маманы. 

2 478
ӨзА