ӨзА Қазақ

05.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Инвестицияларға байланысты заң жобасы қайта қаралмақ

Инвестицияларға байланысты заң жобасы қайта қаралмақ

Қазіргі таңда кез-келген елдің өсіп-өркендеуі мен дамуына шеттен келер инвестицияларға тікелей байланысты. Ал, Өзбекстанда инвестициялық қатынастарды реттеу түрлі сала мен желілер бойынша қабылдаған заңдарға сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл амалда инвестиция саласының дамуына кедергі келтіруде. Сол себептіде «Инвестиция туралы» заңға өзгертулермен толықтырулар енгізу мақсатында қайта жасақталуда.

«Инвестиция туралы» заңға байланысты парламент сайтында берілген ақпаратта, заңда белгіленген құжаттардың санының көптігі кейде саладағы заң мазмұнына қайшы келіп, құқықтық қарсылықтарға әкеп соғуда. Сондықтан да, мұндай кем-кетіктерді жою және саланың дамуы үшін атаулы заң жобасына өзгеістермен толықтырулар енгізіліп, қайта жинақталған заң атауын «Инвестициялар және инвестициялық қызмет туралы»,-деп өзгертіп ондағы кедергі келтірер нормалар алынып тікелей жұмысқа қажет баптар енгізілуде.

2019 жыл 21 қарашада Заң палатасы депутаттары бұл заң жобасын бірініші оқылымда мақұлдап, қазіргі кезде екінші оқылымға дайындық алдынан осы заң жобасының халықтық өкілдері тарапынан ауқымды ақылдасқан түрде жетілдірілуде.

Еске сала кетсек, Өзбекстанға кез-келген шетелдік инвестор елдің өркендеуіне 3 миллион доллар көлемінде инвестиция салатын болса, оған елде тұруға 10 жылдық мерзімде ықтиярхат берілетіні жайлы заң қабылданған.

5 310
ӨзА