ӨзА Қазақ

01.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Індет жұқтырған тағы 39 жан тіркелді

Індет жұқтырған тағы 39 жан тіркелді

Өзбекстанда 1 маусым күнгі таңғы мәліметтер бойынша елде тағыда коронавирус жұқтырған 39 азамат анықталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарына сай бүгін таңғы сағат 10:00 уақытымен республикадағы жалпы індет расталған жағдай 3662 кісіге жеткен. Жаңадан вирус жұқтырғандардың 26 шетелден келіп карантиндік бақылау аймағына жатқызылған азаматтардан анықталған болса, қалған 13 азаматтың 10-ы Ташкенттіктер арасынан тіркелген.

Бүгінге дейін аурудан сауыққандар саны 2837 кісіге жетіп, 15 азамат індетен көз жұмған.

Ел аумағында коронавирус жұқтырғандар саны күн өткен сайын тағыда артып келеді. Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 810 науқас індетпен күресуде, олар арасында 8 азаматтың жағдайы ауыр, біреуі өте ауыр хәлде.

2 442
ӨзА