ӨзА Қазақ

11.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Індет жұқтырған тағы 35 кісі тіркелді

Індет жұқтырған тағы 35 кісі тіркелді

Өзбекстанда 11 мамыр күнгі таңғы мәліметтер бойынша елде тағыда коронавирус жұқтырған 35 азамат тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарына сай бүгін таңғы сағат 10:00 уақытымен республикадағы жалпы індет расталған жағдай 2453 кісіге жеткен. Ал аурудан сауыққан азаматтар қатары 1881 кісіні құрап, 10 кісі індеттен көз жұмған.

Қазіргі уақытта 42 мыңнан астам азамат карантиндік бақылауда болып, бүгінге дейін 400 мыңдай тест сынамалары алынған.

Алғашқы вирустың дерегі ел аумағында 15 наурызда Ташкентте тіркелді. Соңғы күнгі деректерге сай вирус жұқтырғандарға қарағанда індеттен сауыққандар саны артуда. Дәл қазір республика ауруханаларында 562 науқас емдік бақылауда. 

2 317
ӨзА