ӨзА Қазақ

11.07.2019 15:24 Басып шығару нұсқасы

Гулнора Каримова түрмеде отбасымен кездесті

Гулнора Каримова түрмеде отбасымен кездесті

Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қызы Гулнора Каримова өзі отырған түрмеде отбасы мүшелерімен 3 күн аясында бірге болды,-деп хабар береді Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі.

Біраз уақыт алдын айыпталушы Гулнора Каримованың түрмедегі жағдайы жайлы, оған медициналық көмек көрсетпей жатқандығы турасында барлық әлеуметтік желілерде күшті талқыға түскен болатын.

Осы мәселеге айқындық енгізу мақсатында Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі айыпталушының жағдайымен танысу үшін түрмедегі күнделікті жағдайды үйреніп шығып. Оның жағдайының жақсы екенін, оған барлық көмек көрсетіліп жатқанын дәлелдей түсіп, тіпті Гулнора Каримованың қылмыстық-атқару кодексінің 78 бабына сәйкес, айыпталушының ұзақ мерзімді кездесу құқығынан пайдалануына да жағдай жасаған. Яғни Гулнара Каримова үш күн аясында өз отбасы мүшелерімен бірге болған.

Олар үшін арнайы жатақ дайындалып, отбасы мүшелері алып келген заттарға да шектеу болмаған. Сондай-ақ кездесу кезінде айыпталушыға ешқандай басымдық пен медициналық көмекке байланысты шағымда түспегені байқалған. 

ӨзА
2 147