ӨзА Қазақ

18.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Гулнора Каримова 13 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды

Гулнора Каримова 13 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды

Қылмыстық істер бойынша Ташкент қалалық соты Гулнора Каримоваға 13 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру туралды шешім шығарды.

Өз туысқандарынан құралған бірнеше қылмыстық топ құрып оны басқарып келгені және бопсалау, ұрлау, күштеп тартып алған қылмыстардан түскен кірістерді өз атына заңдастыру сынды қылмыстар жөнінде Г.Каримоваға қатысты жабық түрде өткен сот процесінің соңында оған 13 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қылмыстық заңнамаға сәйкес оның осы уақытқа дейін қылмыс пен сотталып жаза қолданылғандығы ескеріліп жаза мерзімі 2015 жылдың 21 тамызынан бастап есептелетін болған.

Бұған дейін Г.Каримованың Өзбекстан аумағындағы тұрғылықты мекен-жайларынан 985 түрдегі тарихи-мәдени және көркемдік құндылығы жоғары 12,7 млрд сумдық өнер туындылары (картина, сузанналар, ұлттық ою-өрнектер, керамика, ағаштан жасалған бұйымдар т.б.) анықталып олар сот шешімімен жергілікті тарихи мемлекеттік мұражайларға табысталған еді.

Ал Лондонда 1912 жылда салынған “Gorse Hill Manor” атты зәулім сарай мен қаланың аса ауқатты бай-бағыландары жасаушы аудандағы екі пәтері сатылымға қойылғаны хабарланған болатын.

15 918
ӨзА