ӨзА Қазақ

06.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Гулнара Каримованың тағы бір қылмысқа қатысы бар екені анықталды

Гулнара Каримованың тағы бір қылмысқа қатысы бар екені анықталды

Осы күндері интернет желісінде Гулнара Каримоваға қатысты бірқатар қауесет тарап, онысы БАҚ беттерінде қызу талқыға түскендігіне байланысты Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы осы жөнінде толықтай мәлімет берді.

Прокуратура және Әділет министрігінің АҚШ, Швейцария, Франция, Ресей Федерациясы және Латвия сынды шет елдермен бірге Г. Каримованың қылмыстық әрекеті арқылы тапқан және жоғарыдағы елдердің кейбірінде құқық бұзушылықтар аясында 1,3 миллиард доллардан асық қаржыны қайтару жөнінде диалог жасалуда.

Осынау байланыстар нәтижесінде халықаралық ұйымдардан бөлек жеке азаматтардан Г. Каримованың алдыңғы сот үкімдеріне тиісті болмаған, басқада жаңа қылмыстық іске қатысы бар екені анықталып, бұл жағдай тергеу амалына көшкен. Іздестіру жұмысытары барысында қылмыскер өз туысқандарынан жасақталған бірнеше қылмыстық топ құрып оны басқарып келген.

Тергеу амалдары кезінде Г. Каримоваға, республика аумағындағы зауыттарда жұмыс атқарып заңсыз көп мөлшердегі түсімдерден үлес беріп келген және бір қылмыстық топ әшкере болып, бұдан бөлек Г. Каримова азаматтар мен компания иелерін бопсалап қотқыту арқылы оларға тиісті болған мүлік пен зауыт фабрикаларын өз атына тіркеуге мәжбүрлеген және бұл жасаған қылмыстарының шығыны 165 млн доллар мен қоса алғанда 85 млрд сумнан астам ақшаны құраған.

Осы келтірілген негіздерді сабақтай отырып қазіргі күнде жазасын өтеуші Г. Каримоваға Қылмыстық кодексте көрсетілген баптарына сәйкес тонау, күштеп өзгенің мүлкін иелену және Өзбекстан Республикасының мүддесіне қайшы әрекет жасау мен қылмыстық бірлестік құруға байланысты қылмыстар жасағаны үшін жаңа айыптау жарияланды.

Жоғарыдағы аталған қылмыстық істер бойынша Ташкент қалалық Яшнабад аудан сотының қаулысына сәйкес, Каримованы қамауға алу жайлы шара қолданылған.

Қылмыстық тергеу барысында Каримованың құқықтары мен заңды мүдделерін жақын туысқандары тарапынан жұмылдырылған 7 адвокат қорғауда және бұл процес кезінде адвокаттар барлық тергеу амалдары кезінде ешқандай кедергісіз айыталушымен кездесуі орындалған.

Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабары.

5 212
ӨзА