ӨзА Қазақ

14.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Гүлнора Каримованың шетелдегі 10 млн долларлық активі Өзбекстанға қайтарылды

Гүлнора Каримованың шетелдегі 10 млн долларлық активі Өзбекстанға қайтарылды

Бұған дейін 13 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Гулнора Каримоваға тиісті шет мемлекеттерге заңсыз түрде шығарылған активтердің бір бөлігі боп табылатын 10 миллион доллар қаржы Франциядан Өзбекстанға қайтарылды.

Біраз уақыттан бері Әділет министрлігі мен Бас прокуратура Өзбекстанның құзырлы органдарының қатысуымен Г.Каримованың түрлі қылмыстық істермен тапқан жалпы 1,3 млрд АҚШ доллардан астам шет елдердегі мүлікті қайтару үшін Швейцария, Америка Құрама Штаттары, Франция, Ресей Федерациясы және басқа елдердің құзыретті органдарымен жұмыс жүргізіп келеді.

Соның бір бөлігі немесе 10 миллион доллар ақша бүгін 14 мамырда Өзбекстан есебіне қайтарылған. Министрліктің хабарында айтылуынша бұл қаржы мемлекеттік бюджетке өтіп, оны жалпылама қаражаттарға жұмсалатыны жазылған. Сонымен қатар қалған қаржыны қайтарудағы халықаралық процес жалғасып жатандығы айтылып, шет елдегі активтер қазірде Г.Каримованың құзіретінде емес делінген.

Өз туысқандарынан құралған бірнеше қылмыстық топ құрып оны басқарып келгені және бопсалау, ұрлау, күштеп тартып алған қылмыстардан түскен кірістерді өз атына заңдастыру сынды қылмыстар жөнінде Г.Каримоваға қатысты Ташкенттегі жабық түрде өткен сот процесінің соңында 13 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

«Daily Mail» басылымы жыл басында Г.Каримоваға тиісті Лондонда 1912 жылда салынған «Gorse Hill Manor» атты зәулім сарай мен қаланың аса ауқатты бай-бағыландары жасаушы аудандағы екі пәтері сатылымға қойылғаны хабарланған болатын.

5 869
ӨзА