ӨзА Қазақ

29.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Джек Ма қоры Өзбекстанға гуманитарлық көмек жібермек

Джек Ма қоры Өзбекстанға гуманитарлық көмек жібермек

Қытайлық кәсіпкер және Alibaba Group интернет дүкенінің негізін қалаушы миллиардер Джек Маның қоғамдық көмек қоры Азиядағы 7 елге гуманитарлық көмек жіберуін жариялады. Олар арасында Өзбекстан да бар.

Джек Ма қоғамдық көмек қорының жасаған тізімінде Өзбекстаннан басқа Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Үндістан, Бутан және Вьетнам елдері іліккен болып, Reuter’s-тың ақпаратынша бұл елдерге 1,7 миллион медмаска, 165 мың тест, қорғаныс киімдері мен медициналық жабдықтар жіберілетін болған.

Джек Ма қоры бұған дейін Ресей, Еуропа және АҚШ-қа гуманитарлық көмек көрсеткен еді.

Еске салсақ, Фоттох Шодиевтің халықаралық қоры Өзбекстандағы әлеуметтік жағдайы төмен 1500-ден астам отбасыларға көмек көрсеткен еді.

2 205
ӨзА