ӨзА Қазақ

29.05.2019 Басып шығару нұсқасы

Депутат Кушербаев Әділет министрлігі өкілдерін дебатқа шақырды

Депутат Кушербаев Әділет министрлігі өкілдерін дебатқа шақырды

Өзбекстанда автокөліктер күндізде жарық шамдарын жағып жүру қағидасы өз күшіне енгенен соң, елде өте күшті пікірталас басталды. Оған себеп машиналардың өртеніп кетуімен байланысты.

Ал, жол патрулдік қызметкерлері болса, автокөліктерге күдіз жарық шамын жағып жүруінен ешқандай залал келмейді дейді. Бірақ бір емес бірнеше көлік күдізгі уақытта өртеніп кетті. Мұндай келеңсіз оқиғаны қарапайым халық күннің ыстық кезінде көлік жарық шамын жағып жүруімен алға тартып отыр.

Осы жағдайларға байланысты Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжіліс Заң палатасы депутаттары халық арасында наразылық тудырып жатқан қағидаларға өз күшіне енбей тұрып-ақ қарсы шыққан болатын.

Осы мәселеге айқындық енгізу мақсатында “ӨзА” тілшісімен болған сұхбатта депутат Расул Кушербаев Әділет министрі немесе орынбасарын ашық дебатқа шақырды.

“Жарық шамдарына байланысты заңға сәйкес, тек қана жүк тасымалдаушы және жолаушылар тасушы транспорт көліктеріне ғана осы қағида қолданылатын болған. Бірақ дәл қазір бұл заң барлық көліктерге бірдей қолданылуда. Мұны қалай түсінуге болады, Әділет министрлігі адамдарды адастырып депутаттардың беделін төмендетуге тырысуда. Неліктен министрлік мыңдаған адамдарды қинаған мәселені шешу орнына бізден айып іздеуде. Егер кінә іздейтін болсақ бізде қарап қалмаймыз. Шынымен азаматтарға көмектескісі келсе уақытты босқа жібермей ақылын басқа нәрсеге бөлгені дұрыс, болмайтын жерден депуттаттар кінәсін іздемей”-дейді Расул Кушербаев.

“ӨзА” осы мәселеге орай депутат пен министрлікке ашық пікірсайыс өтуі үшін мінбер ұсынды, депутат Кушербаев оны қабылдады. Енді Әділет министрлігі осы ашық әнгімеге келіссе ӨзА олар үшін арнайы ашық пікірсайыс алаңына өткізбек.

Мақсат құжжаттар мен шешімдер халық игілігі үшін қызмет етсін және азаматтар осы шешімдерден қанағаттансын. 


9 202
ӨзА