ӨзА Қазақ

05.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Демалыс күндері Өзбекстанда температура төмендейді

Демалыс күндері Өзбекстанда температура төмендейді

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша демалыс күндері Қазақстан аумағынан келіп жететін салқын ауа ағымы салдарынан Өзбекстанда аптапты ыстықтың беті қайтып ауа температурасы біршама бәсеңси, өтпелі жаңбыр жауады деп мәлімдеген.

Температура – түнгі уақытта 17-22 градус, күндіз 32-37 градусты көрсетіп, желдің жылдамдығы 17-22 м / с дейін күшейеді. 6 және 7 маусым күндері таулы аудандарда жаңбыр жауады.

Қарақалпақстан, Хорезм, Бұхара және Науаиы облыстарында желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетіп, ауа температурасы 35-40 градус шамасында болмақ. Елдің оңтүстігінде және шөлді аймақтың кей жерлерінде 42 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

2 787
ӨзА