ӨзА Қазақ

11.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Европа аймағы басшысы Ханс Клюге Өзбекстанға келді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Европа аймағы басшысы Ханс Клюге Өзбекстанға келді

Жуырда ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Европа аймағы бойынша бюросы басшылығына келген Ханс Клюге өзінің алғашқы ресми сапарын Өзбекстаннан бастады, деп хабарлайды министрлік сайтында.

ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросы - әлемнің түрлі жерінде орналасқан алты аймақтық кеңселерінің бірі болып декларация құрамында 53 мемлекет мүше, олар қатарында Өзбекстанда бар.

Хабарда айтылуынша, Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінде өткен екі жақтық кездесуде 2020-2021 жылдарға арналған екі жылдық Денсаулық сақтау министрлігі және ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Осы шарада 24 жылдан беріге денсаулық сақтау саласында жұмыс жасап келе жатқан Ханс Клюге мырзаға Ташкент медициналық академиясының профессоры атағы берілген..

Қазіргі ақытта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының қолдауымен Сырдария облысында медициналық қызметтің жаңа модельдері бойынша пилоттық жоба іске қосылып, жоба қазірдің өзінде жақсы нәтиже беріп тұрғаны және оны бүкіл ел бойынша жүзеге асыру жоспарланып отырғандығы, жайлы ақпараттар айтылған.

5 968
ӨзА