ӨзА Қазақ

13.05.2020 Басып шығару нұсқасы

COVID-19: Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 2600-ден асты

COVID-19: Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 2600-ден асты

Соңғы екі тәуліктік көрсеткіш бойынша Өзбекстанда тағы індет жұқтырғандар көп тіркелуде. Бүгін 65 вирус жұқтырғандық жағдайы расталған болса, сауыққан 36 жан ауханадан шыққан.

ДСМ-нің хабарлауынша бүгінгі 13 мамыр кешкі сағат 23:00 уақытымен ел аумағында тәулік бойы 65 науқас тіркеліп жалпы коронавирус расталғандар саны 2612 кісіге жеткен. Олардан 2076 жан сауығып шығып, 10 кісі көз жұмған.

Қазіргі уақытта республикадағы ауруханаларда 625 науқас емделуде. Министрлік хабарында осы науқастардың 12-нің жағдайы ауыр екені айтылады


2 433
ӨзА