ӨзА Қазақ

23.06.2020 Басып шығару нұсқасы

COVID-19: Өзбекстанда індет жұқтырғандар 6500-ге жетті

COVID-19: Өзбекстанда індет жұқтырғандар 6500-ге жетті

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша Өзбекстанда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 6500-ге жетті.

23 маусым таңғы сағат 10:00 уақытымен республикада тағы 39 азамат вирус жұқтырғаны белгілі болды.

Бүгінгі жаңадан науқастар қатарына қосылғандардың 15 карантиндік бақылау орталығында тіркелген, 13 Ташкент қаласынан, 11 Сұрхандария облысынан анықталған.

Қазірде аурудан сауыққан жандар саны 4450 кісіге жетіп, 19 кісі қайтыс болған.

Ел аумағында 2031 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардан 15 жағдайы ауыр.

1 968
ӨзА