ӨзА Қазақ

05.08.2020 Басып шығару нұсқасы

COVID-19: Тәулік бойы вирус жұқтырғандар мен сауыққандар 700-ден асты

COVID-19: Тәулік бойы вирус жұқтырғандар мен сауыққандар 700-ден асты

Өзбекстанда 5 тамыз күні тәулік бойы індет жұқтырған 746 азамат тіркеліп, 732 кісі аурудан сауығып үйіне оралды.

ДСМ-нің бүгінгі кешкі қорытынды хабарында вирусқа шалдыққандардың барлығы коронавирусқа шалдыққан науқастармен байланыста болғаны себеп сынама алынған азаматтар арасында анықталған және 6 науқас көз жұмғаны айтылады.

Соңғы дерекке сай ел аумағында бүгінге дейін 27 793 жағдай расталған және одан 18 783 кісі сауығып, емделу көрсеткіші 67 пайызды құрауда. Өкінішке орай 171 кісі осы аурудан қайтыс болған.

Дәл қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 8839 науқас індетпен күресуде, олар арасында 799 азаматтың жағдайы ауыр, 228 жан өте ауыр хәлде.

2 975
ӨзА