ӨзА Қазақ

03.04.2020 Басып шығару нұсқасы

COVID-19 індетін жұқтырғандар қатары 205 кісіге жетті

COVID-19 індетін жұқтырғандар қатары 205 кісіге жетті

ДСМ-нің хабарлауынша республикада тағы 15 азаматтың мед сараптамасынан коронавирус эпидемиясының белгілері анықталғанын жариялады.

Бірақта олардың қай жақтан екендігі жайында қазірге толық ақпарат айтылмаған. Сонымен жалпы Өзбекстандағы коронавирус індетін жұқтырған науқастар саны 205 кісіге жеткен. 25 адам аурудан сауықты. Екі кісі қайтыс болды.

Ташкенттен бөлек, Ферғана, Наманган, Андижан, Хорезм, Бұхара, Қашқадария және Науаиы облыстарында коронавирус диагнозы қойылған 178 науқас емделуде.

Еске сала кетсек Өзбекстанда коронавирустың алғашқы дерегі 15 наурызда тіркелген болып, ол 11 наурыз күні Парижден Ташкентке оралған дәрігер әйел сараптамасынан анықталған еді. Жалпы осы індеттің мемлекет аумағына кіріп келу жағдайы кеше Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау агенттігі жариялаған фактілерге сай халықаралық 8 әуе бағыттар арқылы орын алғаны белгілі болып, олар: Париж, Стамбул, Лондон, Дубай және Сауд Арабиясы, Ресей, Қырғызстан, Швейцария елдерінен оралған 72 азаматан анықталған.

1 874
ӨзА